Әскерден келгендер университетте тегін білім алып жүр
Ақтөбе облысында әскери борышын өтеп келген 120 сарбаз университеттерде тегін білім алып жүр. Мұндай жеңілдік елімізде 2023 жылдан бастап қарастырылған еді. Әскерде жауынгерлік даярлық бағдарламасын шебер меңгерген, жақсы тәртібімен көзге түскен жастар жоғарғы оқу орындарына Ұлттық бірыңғай тестілеусіз қабылданады. Оқытушылардың айтуынша, әскери борышын өтеп келген студенттер қатарластарынан үлгілі тәртібімен, тиянақтылығымен ерекшеленеді.
Қазыбек Бақытқали - Шалқар ауданының тумасы. Ол колледжден кейін бірден өзі сұранып, Шымкент қаласындағы әскери бөлімде отан алдындағы борышын өтеп келді. Былтыр мұнай-газ ісі мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнына қабылданды. Қазір университеттегі мақтаулы шәкірттердің бірі.
Қазыбек Бақытқали, студент:
Негізі мен бұл бағдарлама туралы білген жоқпын. Әскерде грант ұтып алып, жоғарғы оқу орнына түсу дейтінді. Тек азаматтық борышымды өтеу үшін ғана бардым. Грантқа түсудің талаптары бар. Жауынгерлік дайындықтан өтесіз, тест тапсырасыз, оның бәрін өткеннен кейін ғана грант ұтуға болады.Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Техникалық факультетінің өзінде осындай бес студент бар. Олар тау кен, мұнай-газ ісі және энергетика мамандықтарын таңдаған. Оқытушылар әскерде борышын өтеп келгендерді әрқашан басқа студенттерге үлгі етіп отырамыз дейді.
Бауыржан Келаманов, техникалық факультеттің деканы:
Толықтай сол төрт жылда бакалавр мамандығын игеріп шығады. Жалпы, олардың бізде оқуы қалған студенттерге мотивация береді.Отан алдындағы борышын өтеп келген сарбаздар еліміздегі 70-тен астам университетте тегін білім ала алады. Білім грантын жеңіп алу үшін арнайы талаптарға сай болу керек. Қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдерінің айтуынша, бұл мүмкіндікке ие болған сарбаздардың көбі әскери саланы таңдайды.
Біржан Баймұқанов, облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары:
Жоғары деңгейін көрсеткені арқылы өзінің сертификаттанып, келгеннен кейін жоғарғы оқу орындарына түсуге құқылы. Әсіресе жоғарғы әскери институттарға түсуге Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі. Сонан кейін Қазақстанымыздағы көрсетілген оқу орындарына сол сертификат арқылы тегін түсе алады.Білім грантына қол жеткізе алмаған сарбаздар да жоғарғы оқу орындарына ешқандай сынақ тапсырмай, ақысыз негізде түсе алады. Оларға берілетін сертификат екі жылға дейін жарамды. Мамандар бұл мүмкіндікті пайдаланғысы келетін жастардың көбейгенін айтады.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасын еуропалық сарапшылар талқылауда
11.02.2026, 21:34
Қыс әлегі: Жамбыл облысында бірнеше бағыттағы жол жабылды
11.02.2026, 20:18
Әлем жаңалықтарына шолу
11.02.2026, 20:17
Ипотека нарығына өзгеріс енгізіледі
11.02.2026, 20:16
Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарына 36,8 млрд теңге бөлінді
11.02.2026, 20:15
Қысқы Олимпиада ойындарының 5-күні
11.02.2026, 20:12
Автогаз қоймаларын жер астына орналастыру міндеттелуі мүмкін
11.02.2026, 20:12
Таразда 300-ден астам жыр-термені жатқа білетін талант тұрады
11.02.2026, 20:10