Түркияда орман өрті өршіп тұр
Түркияның бірнеше аймағында орман өрті басылмай тұр. Қатты жел мен аптап ыстықтың кесірінен жылдам жайылған қызыл жалын елді мекендерге де жетіп, үйлер мен көліктерді күлге айналдырды. Мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бауырлас түрік еліндегі табиғи апаттың салдары қандай?
Айдос Әшімұлы, тілші:
Түркияның Измир, Хатай, Маниса және Спарта өңірлерінде орман өрті әлі де дес бермей тұр. 3 күн ішінде ондаған ауыл мен шағын ауданда тұрғын үйлер мен қора-қопсы күлге айналды. 40-тан аса елді мекеннен 50 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бір жақсысы адам шығыны жоқ. 3 күнде 350-ден аса нүктеде өрт шыққан. Қазір олардың басым бөлігі сөндірілді. Тек 7 жерде ірі орман өрті басылмай тұр. Мамандардың айтуынша, өрттің шығу себебі көбінесе тұрғындардың жауапсыздығынан. Салаға жауапты министрдің сөзінше, өрттің басым бөлігі көлік терезесінен лақтырылған темекі тұқылынан шығып жатыр.
Ибрахим Юмаклы, Түркияның ауыл және орман шаруашылығы министрі:
Бір өкініштісі, кей тұрғындардың жауапсыздығынан, екі минут уақытын бөліп, өзі жаққан отты өшірмей кеткендігінен осылай мыңдаған адам бірнеше күн бойы тілсіз жаумен алысуға мәжбүрміз. Сондықтан барлық азамат от жаққанда, қоқыс тастағанда мұқият болуын сұраймыз. Мұндай табиғи апатты ел болып барлығымыз бірге күрессек қана жеңеміз.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Қазір орман өртін ерте анықтау жұмыстарына Түркия Қорғаныс министрлігінің ұшқышсыз ұшатын аппараттары мен тікұшақтары да жұмылдырылды. Барлық арнайы қызме қыркүйек айына дейін күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. Ал үйі өртеніп кеткен әр отбасына ел билігі 162 мың лирадан, яғни екі миллион теңгеден аса көмек қаражат бермек. Қазір өрт сөндірілген аймақтарда шығындарды есептеу жұмыстары басталып та кетті.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жазғы лагерьлерге 3,7 млн оқушы барады
29.04.2026, 20:57
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
29.04.2026, 20:51
100 мың түлек бір мезетте ағаш отырғызды
29.04.2026, 20:49
Елде дәрі-дәрмек өндірісі артады
29.04.2026, 20:47
5200 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
29.04.2026, 20:10
Мәжіліс жеке сот орындаушыларына қойылатын талаптарды қатаңдататын заң жобасын мақұлдады
29.04.2026, 20:09
Qostanai tech - ғылым мен инновация алаңы
29.04.2026, 20:08
4600-ден астам адам ағза ауыстыруға зәру
29.04.2026, 20:07