Басты Жаңалықтар Третьяков галереясының 50  жауһары Астанада

Третьяков галереясының 50  жауһары Астанада

Әлемге атақты Третьяков галереясының үздік топтамасы Астана қаласында. Ұлттық музейде Ресейдің 20-шы ғасырдағы жауһар туындылары қойылған көрме ашылды. Бұл шара елорданың 20 жылдығына орай  ұйымдастырылып отыр. Көрмеде өнерсүйер қауымға танымал «Шаруа әйел», «Тағы да екі» сынды көркем суреттер қойылған.

Ал, экспозициядағы басты орын Татьяна Яблонскаяның «Таңертең» атты еңбегіне беріліп отыр. Бұл туындының Қазақстанмен байланысты қызықты тарихы бар. Картинада автордың қызы Лена бейнеленген. Кезінде бұл сурет көптеген оқулықтар мен журналдарға басылды. Алматылық қазақ Арсен Бейсембинов осы туындыдағы қызды ұнатып қалады. Араға жылдар салып, Мәскеуге оқуға түскен жас жігіт картинадағы ғашығымен шынайы өмірде танысқан. Осылайша, ол кішкентай кезінен қабырғасында ілініп тұрған, көрмей ғашық болған Ленамен отбасын құрады. Бүгін көрменің ашылуына дәл сол «Таңертең» суретінінің кейіпкері Елена Бейсембинова арнайы келіп қатысты. 

Елена Бейсембинова,  суретші:   

- Қазақстанға келіп, Арсеннің үйінде осы суреттің ілініп тұрғанын көргенде таңқалған болатынмын. Бұл 60-шы жылдар еді. Танысқанымызға бір жылдан енді асқан. Әрине, бұл тағдырдың жазуы десек болады. Осылайша, анамның салған картинасы менің өмірімде үлкен өзгерістерге себепші болды.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу