Ресейде еңбек мигранттары күрт қысқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде еңбек мигранттары күрт қысқарды

27.05.2025

Ресейде еңбек мигранттарының саны күрт қысқарды. Жыл сайын іргелес елде 10 миллионға жуық шетелдік жұмыс істесе, бүгінгі күні оның саны 40 пайызға азайған. Себебі еңбек мигранттарына қатысты көші-қон талабы қатаңдатылды. Одан бөлек мигранттарға белгілі бір салаларда патенттер бойынша жұмыс істеуге шектеу қойылған. Ресейдің 40 өңіріне осындай тәртіп енгізілді. Елде заңсыз жүрген шетелдіктердің тізіміне іліккен жұмысшылар көлік басқара алмайды, банктік қызметтерді де пайдалану құқығынан айырылады. Жаңа заңнамаға сәйкес, заңсыз миграция аса ауыр қылмыс санатына жатқызылды. Елде еңбек мигранттарының саны күрт азайғандықтан, енді Үндістан, Бангладеш, Мьянма, тіпті Бутана мемлекеттерінен жұмысшылар тартылып, еңбек квотасы бөлінді.

Болот Токобаев, еңбек мигранты:

Оған қоса айлық та қазір азайды. Еңбек патентін алу үшін 100-200 мың рубль төлейміз. Бұл шығын ақталмайды. Бұрын табысым жақсы болатын. Қазір бір айда 30 мың рубльды әрең табамын. Сондықтан кетемін деп шештім.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу