Түркістан облысындағы тазалық шарасына 60 чемпион қатысты
Түркістан облысының Шардара ауданында өткен «Таза Қазақстан» акциясына армрестлингтен әлемді бағындырған чемпиондар қатысты. 60 әлем, Азия және ел чемпионы экологиялық сананы арттырып, туған елге деген сүйіспеншілікті оятуға бағытталған шараға бір кісідей атсалысты. Шардара су қоймасының жағалауын қоқыстардан тазартуға спортшылардан бөлек 100-ге тарта қала тұрғыны да жұмылдырылды. «Таза әлем – баршаға ортақ іс!» атты плоггинг барысында екі тоннаға жуық тұрмыстық және пластик қалдықтар жиналды.
Сәбит Лаханов, «Өскен өңір» газетінің бас редакторы:
Аталған акцияның мақсаты – айналаны, қоршаған ортаны, табиғатымызды таза ұстау. Экологиялық белсенділікті, экологиялық мәдениетімізді қалыптастыру. Осы орайда шардаралықтар аталған акцияға белсенді түрде атсалыса береді деп сеніммен айта аламын.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елдегі энергия саласының әлеуеті артады
10.03.2026, 20:56
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
10.03.2026, 20:49
Өңір тұрғындары Конституциялық реформаға қолдау білдірді
10.03.2026, 20:16
Шетелге саяхаттау қауіпсіз бе?
10.03.2026, 20:16
Сыртқы Істер министрлігі ескерту жасады
10.03.2026, 20:12
Зейнетақы шотындағы артық ақшаны емге пайдалануға қайтадан рұқсат етілмек
10.03.2026, 20:12
Елімізде былтыр 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
10.03.2026, 20:10
Референдумды 359 халықаралық байқаушы бақылайды
10.03.2026, 20:09