Қостанай облысында спортшылар өзен бойын тазалады
Қостанай облысындағы Рудный қаласының спортшылары Тобыл өзенін бойлай жүгіріп, жағалауын қоқыстан тазартты. Сөйтіп әрі жаттығу жасап, әрі экологияны қорғауға үлес қосты.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясындағы осыған ұқсас іс-шара Жангелдин ауданының орталығы – Торғай селосында да өтті. Мұндағы жұмыс та плоггинг түрінде ұйымдастырылды. Яғни, қатысушылар таза ауада жүгіріп, серуендей жүріп, жолында кездескен қоқысты жинап, табиғаттың тазалығын сақтауға атсалысады. Ерекше шараға Рудныйда 50, Торғайда 20 адам тартылған. Басты мақсат — экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматылық оқушы халықаралық олимпиадада топ жарды
30.10.2026, 17:28
Ел жаңалықтарына шолу
30.10.2026, 17:23
Павлодардағы медициналық емханада бюджет қаржысын жымқырған
30.10.2026, 17:22
Ауғанстан фермерлері көкнәрді қайта өсіре бастады
30.10.2026, 17:20
Ертіске 22 мыңнан аса бекіре шабақ жіберді
30.10.2026, 17:17
Ауыл шаруашылығына арналған маркетплейс іске қосылуы мүмкін
30.10.2026, 17:15
Президент Жолдауы ел дамуына сеп болатын стратегиялық бағдар
30.10.2026, 17:14
Түркі әлемінің цифрлық ынтымақтастығы кеңейеді
30.10.2026, 17:12