Орал жастары өзен жағасын тазалады
Оралда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жастар өзен жағалауын күл-қоқыстан тазартты. Тұрғындардың жауапсыздығынан қалдық алаңына айналған жерде сенбілік ұйымдастырылды. Студенттер мен ерікті жастар айналаны жинастырып, күл-қоқыстан арылтты. Бір кісідей жұмылып, аумақты әп-сәтте мұнтаздай етті. Акцияға жоғары медициналық колледж студенттері мен «Жастар рухы» жастар қанаты филиалының еріктілерінен құралған 50 жас қатысты. Тазалық науқаны жыл бойы жалғасады. Әр сенбілікті ерекше форматта өткізуге мән беріліп отыр.
Нұрсұлтан Сәрсенбаев, облыстық жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары:
Алдағы уақытта біз отбасылық деңгейдегі сенбілік өткіземіз. Яғни отбасы болып шығып, тазарту бойынша бір бірімен жарысады. Бұл «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы тек сенбілік болып қалмау керек, бұл жастардың кеудесінде елге, жерге деген үлкен патриоттық сезімді қалыптастыратын мектеп болатынына біз сенімдіміз.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05
Қарағанды облысында 4500-ден аса ағаш егілді
25.04.2026, 20:05
Мәжіліс депутаттары аллеяға шырша көшеттерін отырғызды
25.04.2026, 20:05
Сенат депутаттары Инклюзивті спорт орталығының аумағын көгалдандырды
25.04.2026, 20:04
Тұрғындар жаппай сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:04
Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияға қатысты
25.04.2026, 20:04