Қарағанды облысында өртенген орманды алқапқа 44 мың көшет егілді
Қарағандыдағы ескі кірпіш зауыты маңындағы орманды алқап қалпына келтіріле бастады. Биыл мұнда 44 мың қарағай көшеті егілді. 3 жыл бұрын алапат өрттің кесірінен 70 гектар жердегі қарағай, қарағаш және үйеңкі ағаштары жанып кеткен еді. Орманшылар алғашқы жылы күлге айналған аумақты тазалап, топырағын тыңайтты. Ал былтырдан бері мұнда ағаш егіліп жатыр. Бүгінде күлге айналған алқаптың тең жартысы қалпына келді. Қарағай көшеттерін отырғызу мамыр айының ортасына дейін жалғасады. Көшеттер тамыр алып кеткенінше күтім жасалады.
Дулат Жұмабеков, Қарағанды орман шаруашылығының бас орманшысы:
2025 жылы Кирзавод маңына 10 гектар жерге 44 мың жас қарағай екпелері егілді. Ал 2024 жылы жас қарағай екпелерінің 22 мыңы егілді. Осылайша орман шаруашылығына өз үлесімізді қосып жатырмыз.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін парашаңғышыларымыз сайысқа шығады
10.03.2026, 13:24
1218 адамға жәрдемақы мен әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалған
10.03.2026, 13:21
Жетісу облысындағы 469 дауыс беру учаскесі дайын
10.03.2026, 13:15
Жаңа Конституция – дамудың жаңа кезеңі
10.03.2026, 13:12
Трамп Таяу Шығыстағы соғыстың кешікпей аяқталатынын мәлімдеді
10.03.2026, 13:09
Республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды
10.03.2026, 13:06
Астананың күні күрт бұзылды
10.03.2026, 13:03
«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
10.03.2026, 13:00