Трамп саясатына қарсы наразылық күшейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп саясатына қарсы наразылық күшейіп келеді

02.05.2025

 АҚШ-та Трамп саясатына қарсы наразылық күшейіп келеді. Арада бір ай өтпей жатып тағы да бүкіл елді қамтыған наразылық шаралары өтті. Барлық штатта халық көшеге шыққан. Ел бойынша ұзын саны мыңнан аса митинг ұйымдастырылып, оған 3 миллионнан аса адам қатысқан. Вашингтондағы ең ірі акция «Вашингтон» ескерткіші маңында болды. Америкалықтар әлеуметтік бағдарламалардың қысқаруына, байларға салынатын салықтардың азаюына, сондай-ақ, иммигранттардың қудалануына қарсы. Наразылық білдірушілер Трампқа импичмент жариялауды және Масктың отставкаға кетуін, Канада және Еуропамен дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіруді талап етті. Бұл наразылықтар Трамптың екінші инаугурациясынан кейінгі АҚШ тарихындағы ең ауқымдысы болып отыр.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу