Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Р.Берденовтың өміріне қауіп жоқ
Оқ тиіп ауруханаға түскен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов есін жиды. Түнде дәрігерлер оған шұғыл операция жасады. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қазір ешқандай қауіп жоқ.
Қала әімінің орынбасарын кеше кешкі 20:30-да осы әкімдіктің алдында атып кетті. Қазір әкімдік ғимаратында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Дәрігерлер Руслан Берденовке түнде 4 сағат бойы операция жасады. Оның бауыры, кеуде тұсы мен аяғына оқ тиген. Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінен алдын ала жазылған сұқбатты ұсынамыз.
Бақытжан Абдуллаев, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Лауазымды тұлғаға оқ атқан күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр. 31 жастағы күдікті әкімдікке қарасты жауапкершілігі шектеулі серіктестікте қызмет атқарған. Жуырда ғана жұмыстан шеттетілген екен. Оның мұндай қадамға барғанына қатысты әртүрлі жорамалдар айтылып жатыр. Бірақ, полиция әзірге нақты ақпаратты таратпады. Дерек көздерге қарағанда, жұмыс барысындағы кикілжің болуы мүмкін. Руслан Берденов Парламент Мәжілісінің депутаты болғанға дейін көпшікке кәсіпкер ретінде танылған. Ол 2012 жылдан бастап бірнеше дәріхана желісі топтасқан «Ақ ниет» компаниясының бас директоры, бақылау кеңесі төрағасының орынбасары болған. Депутат ретінде Берденов елімізде ойын бизнесі, букмекерлік кеңселердің жұмысына қарсы шығып, лудоманияның алдын алу жолында белсенділік танытқан болатын.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16