Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы, Подстепное ауылында жаңа мәдениет үйі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы, Подстепное ауылында жаңа мәдениет үйі ашылды

05.12.2017

Оралдан бар болғаны 7 шақырым қашықтықта орналасқан ірі елді мекенде мәдениет үйінің жоқтығын біздің арна тілшілері сан мәрте айтқан болатын. Ширек ғасырдан бері ауыл клубының жекеге беріліп, қаңырап бос тұрғаны ішімдік ішкендердің, бұзақылық орнына айналғаны ауылдықтардың жанына бататын. Енді міне, түйткілді мәселе соңғы жылдары шешімін тауып, қаражат бөлініп, жаңа мәдениет үйінің құрылысы бой көтерді. Халықтың көптен күткен тілегі орындалды. Жаңа нысанда көрермен залы, кітапхана, халық аспаптарын үйрету, өзге де шығармашылық бөлмелер бар.

Мәулет Жұбатов, Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры:

- Мәдениет үйі – көптен күткен осы елдің арманы. Бүгін армандар орындалып жатыр. 300 орындық үлкен зәулім сарайымыз бар. Мұның ішінде қобыз класы, домбыра класы, баян класы және би ұжымдары бар.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу