Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
Польша аумағында ұсталған Қазақстан азаматы 28 сәуірде бостандыққа шықты. Мұндай нәтижеге Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан азаматтарын, соның ішінде шетелдегі отандастарымыздың құқығы мен мүддесін дәйекті түрде қорғауының арқасында қол жеткізілді. Бұл туралы Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді. Айтуынша, Президент күрделі жағдайда нақты қадамдар жасаған. Осы ретте Беларусь және Ресей президенттері тарапынан тиімді байланыс орнатылып, мәселе конструктивті түрде шешілген. Мемлекет басшысы, тараптарға ынтымақтаса әрекет еткені үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев, Польша президенті Кароль Навроцкий мен Премьер-министр Дональд Туск атына орын алған жағдайға байланысты байыпты шешім қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, хат жолдамақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы