Балық аулауға уақытша тыйым салынды
Батыс Қазақстан облысында балықтардың уылдырық шашатын кезі келді. Соған байланысты балық аулауға уақытша тыйым салынады. Су жәндігін қорғау шаралары барлық өзен-көлдерде мамыр айының басынан бастап соңына дейін жүреді. Ал Жайық өзені мен жайылмаларында шектеу 13 мамырдан бастап енгізіледі. Сонымен бірге сәуірдің басынан бастап маусымның 15-іне дейін шаян аулауға ға да рұқсат жоқ. Бүгінде өңірде «Бекіре-2026» деп аталатын ауқымды акция жүріп жатыр. Табиғатты қорғаушылар рейд кезінде браконьерлердің жолын кесіп, заңсыз ауланған балықтарды суға жіберіп жатыр.
Мәди Зайдуллин, Ақжайық балық инспекциясы бөлімінің бас маманы:
Әуесқой балық аулауға нақты тыйым Жайық өзені мен оған қатысты барлық жайылма су айдындарында 13 мамырдан 31 мамырға дейін қолданылады. Әуесқой балықшыларды жауапкершілік танытып, браконьерлік факторлар туралы уақытылы хабарлауға шақырамыз. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана өңіріміздің балық қорын сақтай аламыз.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17