Маңғыстауда республикалық айтыс басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда республикалық айтыс басталды

30.11.2017

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 18 айтыскер екі күн бойы «Рухқа ұран, ұлтқа қорған» тақырыбында сөз жарыстырады. Аламанға Астана, Алматы қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан ақындар келген. Сондай-ақ, абыз айтыскерлерден Мэлс Қосымбаев та қатыспақ. Өнер додасына Смағұл Елубай, Әсия Беркенова, Несіпбек Айтұлы, Намазалы Омашев, Светқали Нұржан қазылық етеді. Айтыскерлердің жұбын залдағы көрермендер өздері таңдады. Маңғыстау топырығында 11 жылдан бері ұйымдастырылып тұрған сөз додасы көрерменнің рухын оятып, шабытын қамшылады.

Әсия Беркенова, Қазақстанның Халық ақыны:

- Елбасымыздың рухани жаңғыру жолдауына байланысты рухты көтеруге үлкен септігін тигізеді деген оймен ақындармен келіп қалдық. Республикаға белгілі, көрермендер танитын, сөздері, әуендері таныс көптеген жас ақындар келді.

 

Айсара АЙТМАН

Хабарламаларға жазылу