«Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты кітаптың әзірбайжан тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты кітаптың әзірбайжан тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өтті

27.11.2017

«Бұл - Қазақстан Президенті туралы латын әріптерімен жазылған тұңғыш кітап». Бүгін «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты туындының Әзірбайжан тіліндегі тұсаукесу рәсімінде Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұт Қасымбеков осылай деді. Кітапта Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі баяндалған. Сонымен қоса, кітапта Тәуелсіз Қазақстанның шежіресі де көрініс тапқан. Бұған дейін кітап қазақ, орыс, ағылшын, серб, венгр, неміс және араб тілдерінде жарық көрген еді. Туындының Әзірбайжан тіліндегі аудармасын журналист-публицист Аида Эйвазова әзірлеген. Кітаптың алғы сөзін Әзербайжан Республикасы Президентінің көмекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әли Гасанов жазған.

Джаваншир Фейзиев, Әзірбайжан ұлттық жиынының депутаты:

- Нұрсұлтан Назарбаевтың кемел саясатының арқасында бүгінгі күні Қазақстанда тұрақтылық ту тігіп, ертеден тұрақтап қалған ұлттар мен халықтар арасында мызғымас татулық орнаған. Мультимәдениетті құндылықтары қалыптасқан қоғам соның дәлелі. Бұл елде 130-ға жуық ұлт өкілдері, оның ішінде әзірбайжан ұлты да тату-тәтті өмір сүруде.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу