Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі болып тағайындалды

09.01.2025

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Сәрсенбаев Әділет министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Конституциялық сот судьясы қызметін атқарған. Әр жылдары Сенат аппарат басшысының орынбасары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті басшысының орынбасары болған.

Жаңадан тағайындалған министрді Үкімет басшысы ұжымына таныстырды. Олжас Бектенов алдымен «Заң мен тәртіп» қағидатын енгізудегі министрліктің міндетін атап өтті. Ал Үкіметтің жұмысы тұрақты әрі сапалы заңнамаға байланысты. Сол үшін Парламентпен тығыз байланыс орнатып, азаматтарға көрсетілетін заң қызметтерінің сапасын арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Нотариат және адвокатура институттарын жетілдіруді міндеттеді. Халықаралық аренада ел мүддесін қорғау жөнінде бірқатар тапсырма берді. Сонымен қатар, бұған дейін Әділет министрі болған Азамат Есқараевқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, ары қарайғы кәсіби қызметінде табыс тіледі.


Хабарламаларға жазылу