«Қазгидромет»: Алдағы үш күнде тұрақсыз ауа райы сақталады
Бұрқасын, қар, көктайғақ ел аумағында әлі үш күн бойы жалғасады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады. Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстігі мен шығысында қар жауады, бұрқасын болады. Батысында көктайғақ, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Қолайсыз ауа райы циклондар мен антициклондардың жылдам өзгеруімен байланысты дейді мамандар. Әрі бұған Атлант пен Арктикадан келген ауа массалары да себеп болып отыр.
Афродита Пірімжар, «Қазгидромет» РМК инженері:
Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасының 15-25-тен 10-18-ге дейін, оңтүстігінде 10-15-тен, Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы аудандарында 20-25-тен 5-13-ке дейін, таулы аудандарда 16-21-ге дейін аяз болады деп күтілуде. Республиканың батысында температуралық фонда күрт ауытқулар күтілмейді.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жеке кәсіпкерлер ауылдық аймақтарды дамытуға мүдделі
21.08.2026, 17:38
Талдықорғанда елуден аса отбасы баспаналы болды
21.08.2026, 17:37
Ел жаңалықтарына шолу
21.08.2026, 17:33
Ел ертеңіне бағыт беретін еңбек
21.08.2026, 17:30
Жамбыл облысындағы маңызды автодәліздің 45%-ы жөнделді
21.08.2026, 17:27
Жаңа әуежай салуға Сингапур тәжірибесі қолданылуы мүмкін
21.08.2026, 17:25
Әлемдегі ең қарт адам бүгін 117 жасқа толды
21.08.2026, 17:23
Гуманоид роботтар жекпе-жекке шықты
21.08.2026, 17:20