Ресейдің бірнеше өңірінде орман өрті дес бермей тұр
Ресейдің оннан астам өңірінде орман өрті дес бермей тұр. Қазақстанмен шекаралас Рязань, Алтай өңірлерінде жағдай қиын. Мәселен Рязань облысында қызыл жалын елді мекендерге қауіп төндіріп жатыр. Қатты жел мен аптап ыстықтың салдарынан өрт Воскресеновка және Ижевское ауылдарына тарады.
Воскресеновкада өрттен 10 үй жанып кеткен. Алтай өңірінде де өрт қаупі кем дегенде 11 қазанға дейін сақталады.
Игорь Весняцов, ТЖ қызметкері:
Рубцовский ауданы, Захарово ауылының маңында шөп өртеніп жатыр. Оны сөндіруге Алей өзені кедергі келтіруде. Бір күнде 45 өрт тіркелді. Жағдай бақылауда.
Ресейден Қостанай облысының аумағына өткен өрт сөндірілді. Жітіқара ауданында 1400 шаршы метр аумаққа жайылған отты құтқарушылар мен шекара қызметінің мамандары жедел қимылдап, ауыздықтап үлгерді. Зардап шеккендер жоқ.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06