Мұғалімдердің жұмысын жасанды интеллект жеңілдетеді
Мұғалімдер алдағы уақытта жасанды интеллектті пайдалануды үйренеді. Бұл туралы Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы мәлім етті.
Айдана Шилібекованың айтуынша, саланы цифрландыру жүріп жатыр. Бұл бойынша ұстаздар біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасуда. Жасанды интеллект педагогтердің жұмысын жеңілдетеді. Дамыған мемлекеттердегі мектептер толық цифрландырылып, оқытушылар жасанды интеллектке дағдыланған.
Айдана Шилібекова, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы:
Мысалы, оқушылардың білімін бағалауда айтарлықтай үлесі көп. Өйткені жасанды интеллект арқылы тапсырмаларды әзірлеу, оқушыларға тарату не болмаса оқушылардың жауаптарын тексеру сияқты үдерістер жеңілдей түседі. Дегенменде, біз оның дұрыс методикасын, әдістемесін қамтамасыз етіп, мұғалімдерді дұрыс дағдыландырып, содан кейін оны енгізуді жөн көріп отырмыз.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қазақ өзін дәрменсіз емес, жасампаз ұлт ретінде сезінуі керек»
26.08.2026, 23:22
Әлем жаңалықтарына шолу
26.08.2026, 20:23
Шымкентте рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды
26.08.2026, 20:14
Димаштың мексикалық жанкүйерлері ерекше акция өткізді
26.08.2026, 20:13
Зейнетақы жинағын көбейтудің жаңа жолы ұсынылды
26.08.2026, 20:11
Алатау қаласының инвестициялық әлеуеті 6,9 млрд долларға жетті
26.08.2026, 20:10
Президент: Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі
26.08.2026, 20:09
Әлемдік классика жауһарлары – қазақ сахнасында
26.08.2026, 20:09