Ертең Ұлттық арнадан «Күлбике» фильмінің кейіпкерлері қазақша сөйлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең Ұлттық арнадан «Күлбике» фильмінің кейіпкерлері қазақша сөйлейді

07.03.2017
Ертең Ұлттық арнадан «Күлбике» фильмінің кейіпкерлері қазақша сөйлейді

Элла есімді қыздың жалғыз қалған әкесі екінші рет үйленеді. Эллаға қызғаншақ әрі көре алмайтын өгей шешесі Леди Тремэйн және оның қыздары - Анастасия мен  Дризелло күн көрсетпейді. Ол үнемі ағаш күлінен көз ашпайтын үй қызметіндегі күң болып жүреді. Сол себепті оны өгей әпкелері Күлбике деп атайды.

Күлбике басына түскен қиын тағдырына мойымайды. Қиын сәттердің өзінде оның жақсы ойлауына мүмкіндік беретін жайттар үнемі табылатын. Мысалы, орман ішіндегі соқпақ жолда жас жігітпен танысуы. Элла нағыз ханзаданың өзімен кездескенін және кіндік анасы  Феяның оның өмірін толыққанды өзгертетінін білмейді.

8 наурызда «Қазақстан» телеарнасынан әйгілі «Дисней» ұсынған «Күлбике» фильмінің кейіпкерлері қазақша сөйлейді. Телеэкраннан Лили Джеймс, Кейт Бланшетт сынды голливудтық актрисалардың дауысы қазақ тілінде  дыбысталатын болады.

Ертең, 16:30-да Ұлттық арнаны қосыңыз!

Хабарламаларға жазылу