Түркістан мен Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экоакциясы өтті
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Бюджеттік мекеме қызметкерлері мен «Amanat» партиясы аудандық филиалының ерікті жастары Шаян елді мекенінде орналасқан бұлақ көздерін ашып, айналасын абаттандырды. Осылайша белсенділер туған жерге деген сүйіспеншіліктің және табиғатқа жанашырлықтың үлгісін көрсетті.
Жамбыл Байғонов, Бәйдібек ауданының тұрғыны:
Бұлақ көрсең көзін аш дейді. Мінекей, сол бұлақтың көзі ашылып, соның ағатын жолдары басқаларының бәрі реттеліп жатыр. Сондыұтан осы өткізіліп жатқан сенбілікті қуаттаймыз.
Ал Жамбыл облысында «Аса» өзенінің жағалауы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.
Экологиялық шараға «Amanat» партиясы Жамбыл аудандық филиал ұжымы, мәслихат депутаттары мен белсенді жастардан құралған 70 адам білек сыбана кірісті. Жағалау аудан тұрғындары үшін табиғат аясында тынығатын демалыс орнының бірі. Бірақ бүгінгі Таза Бейсенбі акция барысында демалушылардың барлығы бірдей талапты сақтай бермейтіні байқалды. Өйткені айнала полэтилен қаптамалар мен пластик ыдыстарға толы. Өзен бойынан 1,5 тоннаға жуық қоқыс жиналды, арнайы техникамен полигонға жөнелтілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы