Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай шара өтті
«Бір шаңырақ астында!». Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай салтанатты шара өтті.
Мерекелік бағдарлама аясында түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері ұлттық киім киіп, салтанатты достық шеруіне шықты. Қатысушылар әр халықтың мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстырып, бірлік пен достықтың маңызын дәріптеді. Қазақ халқының өнерпаздары күй орындап, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын көрме ұйымдастырса, ұйғыр диаспорасы ұлттық билерін көпшілік назарына ұсынды. Сондай-ақ түрік және славян халықтарының мәдени мұрасын танытатын сахналық қойылымдар да көпшілікті тәнті етті. Шарада әр халықтың тарихы, тұрмыс-тіршілігі мен ұлттық ерекшеліктері насихатталып, мереке көпұлтты еліміздің ауызбіршілігі мен ынтымағын насихаттады. Мерекеге ат салысқан түрлі ұлттың бүлдіршіндері өз ана тілінде құттықтау айтып, ізгі тілегін де жеткізді.
- Қазақстан – ортақ үйіміз. Мереке құтты болсын!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы