Маңғыстау облысындағы үлкен жолдардың бойына санитарлық-гигиеналық тораптар салынуда
Маңғыстау облысында республикалық және туристік бағыттағы жолдардың бойында санитарлық-гигиеналық тораптар салынып жатыр. Қазіргі таңда алғашқы үш нысан Бейнеу ауданы аумағынан өтетін күре жол бойына орнатылды. Заманауи кешендер жылы сумен және басқа да қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл алыс сапарға шыққан жолаушылар мен көлік жүргізушілеріне жолда аялдап, тынығуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта осындай тораптарды өңірдің Өзбекстан және Түрікменстанмен шектесетін аумақтарында да салу жоспарланып отыр. Айта кетейік, Маңғыстау туристік әлеуеті жоғары өңірлердің бірі. Өткен жылы облысқа 420 мың турист келген.
Ерлан Биялиев, «Қазавтожол» мекемесінің бас маманы:
Оның біреуі Бейнеу – Сайөтес тас жолының 332-ші шақырымында, екеуі Бейнеу – Ақжігіт республикалық маңызы бар тас жолдың 22-ші және 85-ші шақырымында. Бұл санитарлық-гигиеналық тораптардың жол пайдаланушыларға ыңғайлығы бірінші жағынан жылы әжетханалар және де мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жабдықталған.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16