Оралда Yntymaq комьюнити орталығы ашылды
Оралда Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында YNTYMAQ комьюнити орталығы ашылды. Заманауи алаң өңірдегі конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған.
Елімізде 18 конфессия тіркелсе, Батыс Қазақстан облысында 8 діни ағым өкілі жұмыс істейді. Енді олар жаңа алаңда бас қосып, елдің татулығы мен тұрақтылығын нығайту мәселелерін талқылайды. Орталықта 21 маман еңбек етеді. Олар әлеуметтік желілерге мониторинг жасап, азаматтарға ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді. Кәсіби заңгерлік және теологиялық консультативтік көмек көрсетеді.
Діни бірлестіктермен сындарлы диалог сақтау. Олармен жақсы қарым-қатынаста, бірлікте болу – сол жұмысты жүзеге асыру үшін осы орталықты ашып жатырмыз. Сонымен бірге жастармен көп жұмыстанамыз. Әлеуметтік желіде отырғандарын қарап, деструктивті ағымдардың парақшаларында тіркелген болса, оларды бұғаттау мыселесімен айналысамыз.
Орталықта YNTYMAQ мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл платформа арқылы қоғамда алауыздық туғызып жүрген теріс ағым өкілдерінің әрекеті әшкереленеді. Жаңа нысан дін саласындағы мәселелерді «бір терезе» қағидаты бойынша шешетін негізгі идеологиялық тұғырнама болмақ.
Нариман Төреғалиев, облыс әкімі:
Мемлекетіміздің ең басты саясаты – бірлік пен келісім. Қандай ұлт, конфессия болмасын, барлығымыздың мекендейтін жеріміз бір ғана Қазақстан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы