Көкшетауда 10 мың орындық стадион салына бастады
Көкшетауда УЕФА стандартына сай 10 мың көрерменге шақталған заманауи футбол стадионының құрылысы басталды. Спорт аренасы шаһарда халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді. Әрі Қазақстанның жастар құрамасы осы стадионда жаттығатын болады.
Құдірет Шәмиев, мердігер
компанияның бағылау кеңесінің төрағасы:
Құрылымының ерекшелігі – жабық стадион. Бұл жыл он екі ай стадионда тек қана спорттық мерекелерді емес, іс-шараларды, мәдени мерекелерді өткізуге мүмкіндік береді. Көрермендердің қозғалыс логистикасы, дыбыстық жүйелер, жарықтық жүйелер болсын барлығын жаңа талаптарға сәйкес жасауға міндеттіміз.
Бұл күні Азия чемпионатында ел намысын
қорғап, қоржынға алтын салған Оразбек Асылқұловқа құрмет көрсетілді. Спортшыға
облыс басшылығы пәтер кілтін табыстады. Ал оның жаттықтырушысына 1 млн теңгелік
сертификат берілді.
Айта кетейік, Оразбек Асылқұлов 2025 жылы Әлем чемпионы атанды.
Оразбек Асылқұлов, бокстан Азия чемпионы:
Азия чемпионаты осы жолы өте жоғары деңгейде өтті. 4 жекпе-жекті өткізіп, Азия чемпионы болдық. Осы жолы ең маңыздысы ол Азия ойындары – соған тыңғылықты дайындаламыз. Мемлекеттен қолдау көрсетіп жатқанына алғысымды айтамын.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде Мұғалжар жылқысы көбейіп келеді
25.08.2026, 20:32
Жаңа жүйе оқушылар арасындағы келеңсіздікті анықтайды
25.08.2026, 20:18
1 қыркүйекте паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді
25.08.2026, 20:17
Шымкентте жаңа өндірістің арқасында 13 мың жұмыс орны ашылады
25.08.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
25.08.2026, 20:15
Ресейде жанармай дағдарысының екінші толқыны басталды
25.08.2026, 20:14
Бүгіннен бастап электрлі самокат жүргізушілерге талап күшейді
25.08.2026, 20:12
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 28 трлн теңгеден асты
25.08.2026, 20:09