Басты Жаңалықтар Елордада «Astana Winner» халықаралық көрмесі өтеді

Елордада «Astana Winner» халықаралық көрмесі өтеді

2-3 мамыр күндері Астанада ит тұқымдарын насихаттауға арналған «Astana Winner» халықаралық көрмесі өтеді.

Көрмеде иттердің түрлі тұқымы паш етіледі. «Қазақстан кинологтары одағы» ұйымдастыратын көрмеде еліміз бен шет елдерден 350-ден астам ит тұқымы таныстырылады. Сүт қоректілердің саны мен сапасын сақтау әрі тұқымын танымал етуді көздейтін көрмеге қазақтың тазысы да қатысады. Онда «Қазақ тазысы» деген атпен арнайы көрме алаңы ұйымдастырылды. Жалпы елімізде ит тұқымының төресі саналатын тазылар тарихи-мәдени мұра ретінде қорғалады. Сондықтан оның санын сиретіп алмай, халықаралық деңгейде дамытуға басымдық берілген. Жалпы көрмеге халықаралық сарапшылар, итбегілер және әуесқой кинологтар да келеді. Шара аясында қолөнер шеберлерінің бұйымдары да ел назарына ұсынылады.


Бөлісу