«Atyrau volunteer fest» фестивалі өтті
Волонтерлік – бұл жәй ғана көмек емес, бұл – қоғамға деген жауапкершілік пен жанашырлықтың белгісі. Атырауда осы құндылықтарды ұстанған жастар бір алаңда бас қосты. Өңірде тұңғыш рет республикалық форматта «Atyrau volunteer fest» фестивалі өтті.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Атыраудың қақ ортасы – Сұлтан Бейбарыс алаңы бүгін ерекше атмосфераға бөленді. Мұнда «Atyrau Volunteer Fest» фестивалі өтіп жатыр. Жүздеген жас, ондаған ұйым – барлығының мақсаты бір: қоғамға пайда келтіру. Жергілікті бастамалармен қатар халықаралық ұйымдар өкілдері де осы жерден табылды.
Фестиваль аясында арнайы көрме ұйымдастырылып, түрлі ұйымдар өз қызметтерін көпшілікке ұсынды. Олардың қатарында UNICEF, БҰҰ Еріктілер бағдарламасы және Ұлттық волонтерлік желі де бар. Сонымен қатар, жастарға арналған тимбилдинг пен интерактивті ойындар, танымал тұлғалармен кездесулер де ұйымдастырылды.
Алмат Тағыберген, ерікті:
Жалпы қазіргі уақытта мемлекет басшысының қолдауымен волонтерлердің жұмысы аса маңызды. Үлкен жауапкершілікке алынуда. Біздер әр волонтерді қолдаймыз және осы игі іске баршасын шақырамыз.
Бүгінде облыста 1000-ға жуық ерікті, 150-ден астам волонтер бар. Сондай-ақ 30-дан астам үкіметтік емес ұйым тіркелсе, оның 12-сі белсенді жұмыс істейді. Мұндай бастамалар жастардың өзара байланысын нығайтып, волонтерлік мәдениетті дамытуға тың серпін береді, - дейді ұйымдастырушылар.
Абылай Құрметұлы, «Жастар рухы» ЖҚ Атырау облыстық филиалының төрағасы:
Өлкемізде осы волонтерлардың жұмысы белсенді түрде қарқын жүруде. Оның ішінде биыл Атырау волонтерлар корпусы өзінің жұмысын алты бағытта жасауда. Медицина бар, экология бар, жануарларға көмек, төтенше жағдай деген сияқты. Бұл біздің жастарымыз үшін үлкен мүмкіндік деп есептеймін.
Фестиваль эстрада жұлдыздарының қатысумен өткен гала-концертпен қорытындыланып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы