Астанада «Достық керуені» шарасы өткізілді
Елордада 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Достық керуені» атты салтанатты іс-шара өтті. Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының алды балалар мен жасөспірімдердің басын біріктіріп, еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың маңыздылығын паш ететін бірегей алаңға айналды.
Қазақстандағы ұлт пен ұлыстар осы күні достықтың әнін шырқайды, бірліктің биін
билейді. «1-мамыр» ынтымақтастық жолында елеулі рөл атқарып тұр. Бүгінгі
шараның мақсаты да сол. Өскелең ұрпақтың бойында достық, патриотизм және
толеранттылық сезімдерін қалыптастыру.
Айнұр Тоқтарханқызы, Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының әдіскер педагогі:
Бұл іс-шараның жалпы басты ерекшелігі Астана қаласының 3 үлкен қосымша білім беру орталықтарының бірігіп іс атқаруында деп ойлаймын. Достық керуені атты мерекелік бағдарламамыздың негізгі мақсаты, барлық балаларлың бойындағы талантты ұштастырып, еліміздегі бірлік күнін өнермен, спортпен, заманауи технологиямен өрнектеу.
Мерекелік жиынға 300-ден аса оқушы қатысты. Жасөспірімдердің қолынан шыққан
ерекше әшекей-бұйымдар көрмеге қойылды. Сондай-ақ балалар арасында асық ату,
тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойындар
ұйымдастырылды.
Сұлтан Тангиев, Астана тұрғыны:
Барлығын осы ерекше мерекемен құттықтаймын. Біздің әртүрлі ұлт өкілі болғанымыз, тату өмір сүруге, араласуға еш кедергісін келтірмейді. Біз барлығымыз бірге ән салып, билеп еркін жүре аламыз.
Мамыр тойы халықтың мамыражай тірлігінің айғағы, өзіндік сән-салтанаты
қалыптасқан думан.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елордада «Astana Winner» халықаралық көрмесі өтеді
30.04.2026, 17:33
Көкшетауда 10 мың орындық стадион салына бастады
30.04.2026, 17:30
Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай шара өтті
30.04.2026, 17:25
Түркістан мен Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экоакциясы өтті
30.04.2026, 17:22
«Atyrau volunteer fest» фестивалі өтті
30.04.2026, 17:20
Маңғыстау облысындағы үлкен жолдардың бойына санитарлық-гигиеналық тораптар салынуда
30.04.2026, 17:17
Оралда Yntymaq комьюнити орталығы ашылды
30.04.2026, 17:15
Астанадағы мың пәтердің терезесін бекітті
30.04.2026, 17:13