Ұлытау облысында 45 мектеп цифрлық жүйеге көшкен
Ұлытау облысында дәстүрлі тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтті. «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» атты жиынға 600 педагог қатысты.
Мұнда жаңа заманауи цифрлық жүйелер таныстырлды. Мысалы Алматыда жасалған “Qazaq mura” цифрлы кітапхана жүйесі өңірде өз жұмысын бастаған.
Ақтоты Жанатқызы, «Qazaq mura» цифрлы кітапхана жүйесінің өкілі:Осы күнге дейін облыстың 87 мектебінің 45-і біздің цифрлық жүйемен оқиды. Бұл кітапханалар жүйесі. Біз оқушыларға, ұстаздарға ыңғайлы ету үшін жасадық. Сәуірден бастап қызмет етіп жатырмыз.
Жалпы облыста 87 мектеп, 50 балабақша, 14 колледж шәкірт тәрбиелеуде. Білім саласына айтарлықтай көңіл бөлінген. Биыл 300 млн теңгеге 25 білім нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал алдағы уақытта 6 «Жайлы мектеп» салынбақ.
Айман Мұқашова, №3 жалпы білім беретін мектеп директоры:Қазіргі таңда цифрлық сауаттылық бойынша актуалды сұрақтар көтеріліп жатыр. Біздің мектеп материалдық база бойынша мұндай жүйеге дайын. Мектепте стэм, электронды кітапхана қолданыста.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде бір жылда 298 медициналық мекеме салынды
22.01.2026, 21:36
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері марапатталды
22.01.2026, 21:36
«Келешек мектептерінің» 40 пайыздан астамы ауылдық жерде ашылды
22.01.2026, 21:34
«Ақтөбе – Ұлғайсын» төрт жолақты жолының құрылысы 2 жылда бітеді
22.01.2026, 20:46
«Келешек мектептері»: 7 мектепте үш ауысым мәселесі шешілді
22.01.2026, 20:32
Шетелдік сарапшылар: Қазақстанда ауқымды демократиялық реформалар жүзеге асып жатыр
22.01.2026, 20:28
Конституциялық реформа – бетбұрыс кезеңі
22.01.2026, 20:27
Техникалық апатқа байланысты арнайы комиссия құрылды
22.01.2026, 20:19