Күміс жүлдегер Нұрбек Оралбайды астаналықтар күтіп алды
Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынына 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль түсті. Ел намысын қорғаған спортшыларымыздың соңы бүгін таңда елге оралды. Күміс жүлдегер Нұрбек Оралбайды астаналықтар ыстық ықыласпен қарсы алды.
Динара Жарқынбек, тілші:
Бүгін Париж Олимпиадасында бокстан топ жарып, көк туымызды желбіреткен спортшы Нұрбек Оралбай елге оралды. Күміс жүлде иесін Астана әуежайында қалың қазақ қарсы алды. Қала әкімдігі арнайы сахна орнатып, марапаттау рәсімін өткізді. Жиналғандар спортшыны жеңісімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Нұрбек Оралбай ерекше қошеметпен қарсы алған жандарға алғыс айтты.
Еске салайық, Париж Олимпиадасында ерлер арасында 80 келі салмақта жұдырықтасқан ол финалда украиналық Александр Хижнякқа есе жіберді.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16