Теміржолшылар әулетінің 150 жылдық еңбек өтілі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміржолшылар әулетінің 150 жылдық еңбек өтілі бар

03.08.2024

Тамыздың алғашқы жексенбісі, яғни ертең елімізде көлік және коммуникация қызметкерлері күні. Еңбек жолын қарапайым монтердан бастаған Жанболат Бурлин бүгінде аталары салған даңғыл жолды жалғап келеді. Бурлиновтар әулетінің бүгінгі еңбек жолы 150 жылдан асады.  

Жанболат Бурлинов, теміржолшы:

2008 жылдан теміржол саласына жұмысқа тұрдым, бірінші монтер болып жұмыс істедім, 2016 жылы механиктен менеджер болып ауыстым. Қазақстан бойынша қай жерде ақау болды, байланыс үзілді сол жерді тексеремін.Теміржолшы әулетін менің Кенжеш атам бастаған, Қарағанды облысы Шет ауданы, Киікті деген станцияда сол жақтың тумасы Теміржол саласында вагонник болып жұмыс істеді.Ол жерде менің әкем де жұмыс істеді. Өзім де 16 жыл болды осы саладамын. Негізі әжем теміржолшы ғой, теміржол өлмейді, үлкен компания, - деп, әжемнің айтуымен, қолдауымен келдім. Менің негізгі мақсатым ол бүкіл теміржол саласын цифрландыру, заманауи жұмыс істеу, әрбір жұмыскер айпи телефония, видео конференциямен жұмыс істеп, еуропадағыдай дамытқым келеді байланыс саласын. Өз арманым теміржол саласында зейнетке шығу әкем сияқты.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу