Елордалық қариялар 24 үйірмеге тегін қатысып жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық қариялар 24 үйірмеге тегін қатысып жүр

29.07.2024

Елордалық қариялар ән, би, шахмат, тігу өнері сынды 20-дан аса үйірмеге тегін қатысып жүр. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, егде жастағы 10 мыңға жуық азаматқа қызмет көрсетіп келеді.

Жұмакүл Ерекешева 66 жаста. Балалары мен немерелерін аяқтандырған әже енді өзіне уақыт тауып, денсаулығын күтіп жүр. Қолы қалт етсе, белсенді өмір сүру орталығына асығады. Осы орталықта би ансабльінің мүшелігіне кірген.

Жұмакүл Ерекешева – Зейнеткер:

Ковидтан кейін сол қолым көтерілмей қалған, содан дәрігерлерге бардым, нәтиже бермеді. Кейін осында келіп биге қатысып, бұл жерде қимыл ғой, өзімді жақсы сезінемін, қуанып келем, қуанып кетем.

Мұнда зейнеткерлер 24 үйірменің ішінен өзіне жақынын таңдайды. Арнайы маманның дәрісіне жазылып, замандастарымен бірге уақытын тиімді өткізеді.

Алихан Қасенов – Зейнеткер:

Ұзақ өмір сүру орталығында шахмат клубын ашып, осында ойнап жатырмыз. Мында үздіктермен ойнап, полуфинал казахстанаға жолдама алдым, енді тамызда финалға қатысамын.

Орталықта шет тілін меңгеруге де болады. Дегенмен қазақ тілін үйренгісі келетін өзге ұлт өкілдері көп дейді орталық маманы. Бұдан бөлек, жалғызбасты қариялар шүйіркелесетін дос-құрбы табады.

Гүлнәр Шарапиденова – Белсенді өмір сүру орталығының жетекші маманы:

Бізде енді Астана қаласында статистика бойынша 20 пайызы жалғыз басты екен. Біз енді көбіне бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болсын деп көбірек көңіл аударамыз. Жалғызбастылар келгенде ең бірінші олар құрбы табады. Ол кісілер көбінде белсенді болып келеді. Біз 9-да ашылсақ, олар 9 болмай келіп алады.

Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 74 жас. Ресми дерек осылай дейді. Орталық мамандары түрлі бағыттағы үйірмелер өмірге деген құлшынысты да оятып, өміржасын ұзартатынын айтады.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу