Жемқорлыққа қарсы агенттік: «СҚ-Фармация» өткізетін тендерге қатысатын компаниялар монополистер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жемқорлыққа қарсы агенттік: «СҚ-Фармация» өткізетін тендерге қатысатын компаниялар монополистер

16.06.2024

Біз өткен аптада дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтарды сатып алғанда болуы мүмкін жемқорлық әрекеттерді айтқанбыз. Жемқорлыққа қарсы агенттік “СҚ-Фармация” өткізетін тендерге қатысатын компаниялар монополистер,-деді.

Ал, қоғам белсендісі Дидар Смағұловбір вакцинаны жеткізуді 3 жыл бойы 2 компания кезектесе ұтқанын және жалпы дәрі жеткізушілер жымысқылықпен қолдан компания құратынын айтқан. Антикор сол жеткізушілер өзара келісіп, кейде тендерге тек бір компания қатысатынын немесе ешқайсысы қатыспай бағаны жасанды түрде көтеретінін анықтаған. Ал, “СК-Фармация” тарапынан оған ешқандай анализ жасалмаған, біз 2 айдың ішінде осындай жемқорлық тәуекелдерін анықтадық,-деді. Материал дайындау барысында «СҚ-Фармацияға» хат жолдадық. Баспасөз қызметі келіскеніміздей осы аптада жауап берді. Жауаптан үзінді. 

Бірыңғай дистрибьютор өз кезегінде әлеуетті жеткізушілерге қандай да бір әсер ете алмайды, өйткені олар сатып алуға өз еріктерімен қатысады. Тексеру нәтижелері бойынша Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация»... сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған... себептер мен жағдайларды жою жөніндегі Жоспар әзірледі.

Сонымен бірге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша тендерге қатысу үшін бір өтінім келіп түскен кезде өнім берушіні жеңімпаз деп тануға мүмкіндік беретін бәсекелестікке қарсы нормаларды алып тастау бойынша, бір ғана қатысушыны таңдауға жол бермеу үшін жұмыс істеп жатқандарын жазған.

Жылдың соңына дейін белгіленген міндеттерді орындау бойынша жұмыс жүруде,- депті хатта. «Ұрлай алмайтын жүйе құрамыз» деп анық жазылған жауапты ешкім бермейді.


Хабарламаларға жазылу