Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталып, 2 айға қамалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталып, 2 айға қамалды

05.05.2024

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталып, 2 айға қамалды. Ол қызметінен Қаңтар оқиғасынан кейін босатылған еді. Тұрғымбаев "билік пен лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды" деген күдікпен ұсталған. Қаңтар оқиғасына орай істі болып жатыр.

Бас прокуратура 30 cәуірде хабарлама таратқан: Қаңтар оқиғасына байланысты тергеу жалғасып жатқанын, Тұрғымбаевтың 29 cәуірде ұсталғанын жазған. Қылмыстық істе мемлекеттік құпиялар болғандықтан басқа деректер жарияланбайды деген.

 Айта кететіні, наурыз айында Тұрғымбаев Қаңтар оқиғасы кезінде күштік құрылым өкілдерінің тәртіпті қадағаламауы және ұсталғандарды азаптауы бойынша қылмыстық іс аясында тергелген.

Қаңтар оқиғасынан соң іле-шала ҰҚК төрағасы болған Кәрім Мәсімов ұсталып, былтыр сәуірде "мемлекетке опасыздық жасады", "қызмет бабын асыра пайдаланды", "билікті күшпен басып алмақ болды" деген айыппен 18 жыл сотталды.Қорғаныс министрі болған Мұрат Бектанов "қызметін асыра пайдаланды" деп 12 жылға сотталған.

"Мемлекетке опасыздық жасау" сияқты түрлі айып бойынша кінәлі деп танылып, К. Мәсімовтің орынбасарлары – Әнуар Садықұлов 16, Дәулет Ерғожин 15, Марат Өсіпов 3 жылға сотталған. Ал ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болған Самат Әбіш Қаңтар оқиғасы кезінде билігін асыра пайдаланды деп айыпталып, 8 жылға жаза алды. Шартты. Биыл.


Хабарламаларға жазылу