Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, Астанадағы «Ұлытау» аллеясында ағаш отырғызды.
Президентпен бірге сенбілікке волонтерлер, «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері, еліміздің ғылым, креативті индустрия, мәдениет, спорт салаларындағы белсенді жастар және алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушылар атсалысып, жөке ағашының 430 түп көшетін екті.
Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен әңгімелесу барысында қоғамда экология мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялау маңызды екенін атап өтті деп жазады, Ақ Орда сайты.
Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл – жалпыұлттық мәселе. Лас елге қонақ ретінде, инвестор ретінде ешкім келмейді. Бірақ, ең алдымен, Қазақстанның таза, көрікті болғаны біз үшін, яғни халық үшін керек, – деген Мемлекет басшысы.Сонымен қатар Президент вандализммен батыл түрде күресу қажет екеніне тоқталған.
Вандалдармен табанды түрде күресу керек. Сондай-ақ олардың заң жүзінде қатаң жазаланатынын айттым. Әр нәрсенің шегі бар. Әйтпесе, бәрін бүлдіріп алып, кейіннен кешірім сұрайды деген Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сенбілікті кеңес одағындағы бөрене тасуды елестетін пайымнан- ұйымдастырылса, қашпай баратын дәстүрге айналдырған керек. Айналамыздың күл-қоқысқа толып жататыны рас, ұят.