Бүгін «Сlassic» радиосының жаңа маусымы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Сlassic» радиосының жаңа маусымы басталды

15.09.2016
Бүгін «Сlassic» радиосының жаңа маусымы басталды

Бүгін жаңа оқу жылымен бірге «Сlassic» радиосы да жаңа маусымын бастады.

Аталмыш радиодағы сүйікті бағдарламаларыңыздың жүргізушілері сіздермен қайта қауышады.

Жаңа маусым несімен қызық болмақ?

Әр сейсенбі сайын қазақ музыкасының тарихы, есімдері аңызға айналған музыканттар, мұрағаттық жазбалар туралы Зира Наурызбаеваның «Тылсым перне» атты бағдарламасында, ал, қайталауы бейсенбі 19:00-де болады.

Мәдениет жайлы толғанысты Жания Әубәкіровамен «Культурная мозайка» бағдарламасынан сәрсенбі және сенбі 19:00-де тыңдай аласыздар.

Сонымен қатар, әр жексенбіде Ноэль Шаяхметовтың «Джаз-Тайм» атты бағдарламасы эфирге шығады.

Балаларға арналған «Музыкалық Одиссея» бағдарламасы арқылы әуендердің қызықты оқиғаларға толы сиқырлы әлеміне саяхат жасайсыз. Бағдарлама әр сенбі сайын, ал, қайталауы жексенбі 12:00-де және 17:00-де эфирге шығады.

Сенбі және жексенбіде 14:00-де көпшілікке танымал ертегілердің шет тілдеріндегі баламасы «Ертегімен әлемге саяхат жасап» атты бағдарламадан тыңдай аласыздар.

Әлемдік опера театрлары мен концерттік залдар, музыкалық аспаптар және музыканттар туралы әуес әңгімелер жиынтық форматта дүйсенбіден бастап 09:20, 12:20-да шығады.

Радиоға қосылыңыздар! Сіздерді көптеген қызықтар күтуде!

Хабарламаларға жазылу