Президент оркестрінің жаңа маусымы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент оркестрінің жаңа маусымы басталды

31.01.2015
Президент оркестрінің жаңа маусымы басталды

Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрінің жаңа маусымы басталды. Күні кеше, Елордада халықтық музыка ансамблі өнер сүйер қауымға ерекше концерт ұйымдастырып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Халықтық музыка ансамблі еліміздің өнері мен мәдениетін шетел сахналарында танытып жүрген шығармашылық ұжым. Бұл жолғы кеште өнерпаздар ұлттық музыкадан бөлек, әлемдік түрлі жанрдағы шығармаларды да орындады. Айта кетейік, халықтық оркестр ай сайын Астана тұрғындары мен қонақтарына жаңа туындыларды паш етеді.  

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу