Әуезов театрының жаңа маусымы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әуезов театрының жаңа маусымы басталды

22.10.2019

Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы жаңа маусымды бастады.

Олар бұл жолы көрерменге етене таныс Григорий Томскийдің «Аттила мен Аэций» туындысын ұсынды. Бұдан бөлек, актерлер Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» шығармасының желісі бойынша сахналық қойылым әзірлеп жатыр. Сонымен қатар, ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, «Абай - әлем» атты ерекше спектальді көрермен назарына ұсынбақшы. 

Сәбит Әбдіхалықов, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры:

Мақсатымыз - көрерменге мереке сыйлау, көрерменнің көңілін көтеру.

Мадина Жанғазынова


Хабарламаларға жазылу