«Сүйікті кейіпкерім» хабары байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сүйікті кейіпкерім» хабары байқау жариялайды

02.05.2015
«Сүйікті кейіпкерім» хабары байқау жариялайды

Жуырда радиотыңдармандардың ыстық ықыласына бөленген «Сүйікті кейіпкерім» хабарының жаңа маусымы басталады.

Әр дүйсенбі сағат 22:00-де әуе толқынына шығатын хабардың жағымды жаңалықтары көп. Қолына қалам алып, жазушы болғысы келетін тыңдармандардың туындыларын Қазақ радиосының эфирінен тыңдайтын сәт туды.

«Шығармаға арқау болар оқиға» айдары бойынша үздік әңгімелерге байқау жарияланбақ.

«Сүйікті кейіпкерім» - қазақ әдебиетінің жауһар дүниелерін әңгімеге арқау ету арқылы, жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға негізделген хабар.

Мақсаты – ауылдық елді мекендерде кітапханалардың қайта бой көтеріп, әдеби құндылықтарымыздың халық игілігіне айналуына ықпал ету.

Байланыс телефоны: 8 (717) 255-37-79

Хабарламаларға жазылу