«balapan» телеарнасының жаңа маусымы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«balapan» телеарнасының жаңа маусымы басталды

10.09.2018

«balapan»-ның базарлығы. Бүгін балалардың сүйікті арнасы «balapan» жаңа маусымын бастады. Арна өзінің кішкентай көрермендеріне 10-ға жуық  жаңа тележоба ұсынбақ. Олар: 3 анимациялық жоба, екі сериал, бір әлеуметтік ток -шоу мен реалити-шоу және классикалық музыкалық концерттік бағдарламалар.

Жаңа маусымда бәрі қарбалас. Жаңа бағдарлама, жаңа жүргізуші. Барлығын жаңадан бастау керек. 9 жасар Әдемі үшін де бүгін ерекше күн. Жақында ғана «balapan»-ға келген сүйкімді қыз, жүргізушілікке әбден төселіп алыпты.

«Ертемір», «Алдар», «Дала ойындары» анимациялық жобалары, 20 күйдің тарихынан сыр шертетін «Қоңыр қаз», қанатты сөздерді анимация тілінде сөйлеткен «Бабалар сөзі»,  тұлғаларды жас жеткіншектерге жаңаша танытатын «Дара тұлға» да өзгелерден дара болмақ. Ал, жаңа әлеуметтік ток-шоудың мүмкіндігі шектеулі балғындарға берері мол.

Мұнан басқа балалар әнін насихаттайтын «Кел, шырқайық», ең үздік бишілердің басын қосатын «Биле, балапан», Жеткіншектерді қаржылық сауаттылыққа үйрететін «Әмиян» реалити-шоуы, отбасылық «Көке» мен мектеп қызықтарына толы «Сынық сынып» комедиялары да көрермендерге ерекше оқиғалар сыйламақ.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу