Су басу қаупі сейілмеген аймақтарда мектеп оқушылары қашықтан оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су басу қаупі сейілмеген аймақтарда мектеп оқушылары қашықтан оқиды

31.03.2024

Елде тасқын сумен күрес жалғасып жатыр. Құтқарушылар, одан бөлек қарапайым азаматтар да бір-біріне көмек қолын созып, аянып қалып жатқан жоқ.

Соңғы ақпарат- Қарағанды облысы Шет ауданында төтенше жағдай жарияланыпты. Сонымен 12 мыңнан астам азамат қауіпсіз жерге көшірілген. Оның ішінде 4728-і бала. Баспанасын су басқан азаматтар уақытша паналау орындарында. Төтенше жағдай басталғалы бері құтқарушылар 4,2 миллион кубометр суды сорғызған. Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Абай, Ақмола облыстарында жағдай әлі де қиын. Аталған өңірлерде жалпы саны 53 елді-мекенмен байланыс үзілген. Себебі қарқыны қатты су әрине, асфальтты қақыратып шайып кеткен.

Сондай-ақ, су басу қаупі сейілмеген аймақтарда мектеп оқушылары қашықтан оқиды. Жалпы саны 3 миллиондай оқушы 4 тоқсанды үйінен оқып бастайды. Ал эвакуациялық орындардағы балаларға мектепке қажет киім мен оқу құралдары жеткізілді деген ақпар таратты Оқу-ағарту министрлігі.

Енді мына мәселе: азаматтарымыз қал-қадірінше көмектесу үшін республикалық немесе зардап шеккен облыстардың әрқайсысында есепшот ашуды сұрап жатыр. Жалпы, қаржылай көмек бергісі келетін халықтың жылуын ұйымдастырып, үйлестіруді қолға алатын штаб па, сондай бір орталық қажет-ақ. Әлеуметтік желіде адамдар түрлі мекендерді атап жазып жатыр. Иә, әр жерде гуманитарлық жүк жиналып басталды. Дегенмен мұны жүйелеп істеген керек.

Хабарламаларға жазылу