Елімізде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
Қазақстанның сегіз өңірінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бірінші наурыздан бастап сәуір айына дейін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында бір білікке түсетін салмақ 8 тоннадан аспауы тиіс.
Қыстан кейін тоң жібіп, жер босайды. Сондықтан асфальт жабындысын күтіп ұстап, сапасын сақтау мақсатында жыл сайын көктем мезгілінде ауыр жүк көліктерінің жүктемесі азайтылады. Салмақтық шектеулер Алматы, Атырау, Жамбыл, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Жетісу және Түркістан облыстарында қатаң қадағаланады. Алайда, бұл талапқа жатпайтын жағдайлар бар.
Ерсайын Мұзафар, «Қазавтожол» ҰК» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары:
Шаралардың шектеу қолданылмайтын гуманитарлық жүктерді тасымалдайтын. Апатты жағдайлардың алдын алу мақсатындағы автокөліктерге қатысты, тауарлар мен азық-түлік таситын және жол құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан көліктерге қолданылмайды.
Әділбек Серкұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдардың ядролық физика саласындағы жетістігі
27.10.2026, 20:30
Алматыда 5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді
27.10.2026, 20:28
Атырауда ұлттық мерекенің мән-мағынасы дәріптелді
27.10.2026, 20:27
Асыл тұқымды жылқы саны артып келеді
27.10.2026, 20:26
Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған
27.10.2026, 20:25
«Кітап оқитын ұлт»: Түркістан облысынан 73 мың оқырман тіркелді
27.10.2026, 20:23
7 жылда 1483 балабақша ашылды
27.10.2026, 20:22
Балалар арасында көз аурулары көбейген
27.10.2026, 20:21