Инфрақұрылым озық қарқынмен дамуға тиіс - Олжас Бектенов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инфрақұрылым озық қарқынмен дамуға тиіс - Олжас Бектенов

29.02.2024

Астана тұрғындары судан таршылық көрмеу үшін №4 сорғы-сүзгі станциясы салынады. Бұл елорда халқының 2035 жылға дейінгі қажеттілігін өтейді. Қала әкімі Жеңіс Қасымбек Үкімет басшысы Олжас Бектеновке осылай деп есеп берді. Премьер-Министр бас шаһардағы бірқатар инфрақұрылымдық, әлеуметтік және спорт нысанын аралап көрді. «Интернациональный» тұрғын алабындағы №3 жаңа сорғы-сүзгі станциясының жұмысымен танысты. Қалада Үкіметтің қолдауымен бірқатар жаңа нысан құрылысы аяқталғаны айтылды. Оның ішінде үшінші жылу электр орталығы бар. Олжас Бектенов 2 мың орынға арналған жайлы мектеп құрылысының барысымен танысты. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында пайдаланылатын нысандарды жөндеу жұмыстарын тексерді.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

Өткен жылы сумен қамтамасыз етуде проблемалар болды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тиісті шаралар қабылданып, 2027 жылға дейін қажетті қуат қоры қалыптастырылды. Инженерлік инфрақұрылым ұдайы озық қарқынмен дамуға тиіс. Проблемаларға жол берілмеуі керек.


Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу