Экологиялық қылмыс жасағандар 10 жылға сотталады
Еуропалық Одақ экологиялық қылмыс жасағандарды 10 жылға дейін бас бостандығынан айырады. Еуропарламент депуттары «Табиғатты қалпына келтіру» туралы жаңа заңды мақұлдады. Соған сәйкес көк тунецті заңсыз аулағандар, улы қалдықтарды жерсіндіріп, қоршаған ортаны ластағандар, озон қабатын бұзатын заттарды пайдаланғандар қылмыстық жазаға тартылады. Экоцидке жол беріп, адам өліміне себепкер болған кәсіпорын басшылары 8-10 жылға дейін түрмеге тоғытылмақ.
Сезар Луэна, Еуропалық Парламенттің депутаты:
Экожүйені қалпына келтіріп, биоәртүрлілікті сақтау үшін бәріміз ортақ саясат ұстануымыз керек. Жасыл экономиканы дамытуға бағытталған заңның игілігін фермерлер мен балықшылар бірінші боп көретіні сөзсіз.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10