Байден: Израиль Рамазан айында атысты тоқтатуға келісті
Израиль Рамазан айында Газа секторына шабуыл жасауды тоқтатуға келісті. Мұны АҚШ президенті Джо Байден Американың "Эн-би-си" телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Және де ол ымыраның келесі аптада күшіне енетініне үміт білдірді. Хамас болса, бұл идеяны қарастырып жатқанын айтты.
Уақытша бітім қабылданатын болса, тараптар ең алдымен тұтқын алмасуы мүмкін. Сонымен қатар, хамастықтар атысты доғару жайлы пәтуаға Газаға гуманитарлық көмек кіргізу мәселесін қосуды талап етіп отыр.
Аймақта соғыс қазанның 7-де Хамас Израилдьдің оңтүстігінде 1200 адамды өлтіріп, жүздеген тұрғынды кепілдікке алғаннан кейін басталды. Бүгінге дейін 30 мыңдай бейбіт палестиналық мерт болған.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тұрғындар тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін мақтан тұтады?
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17