Бүгін Астанада робототехника бойынша Орталық Азиядағы ең ірі чемпионат басталды. Мектеп оқушылары арасындағы сайысқа биыл Гонконг пен Біріккен Араб Әмірліктерінен келген жасөспірімдер қатысып жатыр.
Қаракөз Тұрмағанбет, тілші:
Робототехника бойынша Орталық Азия чемпионатына 220 команда бақ сынауға келіп отыр. Қатысушылардың жалпы саны — 2000 мектеп оқушысы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы жарысқа қатысушы команда саны былтырғымен салыстырғанда екі есе көп. Отандастарымызбен қоса Қырғызстан, Өзбекстан, Гонконг, Біріккен Араб Әмірліктерінен келген командалар өз жобаларын таныстырып, қорғап жатыр.
Командалар жас ерекшелігіне бойынша үш топқа бөлінген. Яғни, 6 мен 10 жастағы балалар, 10 мен 16 жастағы жеткіншектер және 12 мен 18 жастағы жасөспірімдердің жұмысы бөлек-бөлек бағаланады. Сайыс тақырыбы: «Креативті индустрия саласын дамыту», яғни, өнер саласында еңбек ететін не осы салаға бет бұрған, қызығушылық танытқан азаматтарға көмектесетін құралдарды ойлап табу.
Сондай жобалардың бірі — Орал қаласынан келген оқушылардың еңбегі. Балалар технология мен дәстүрлі аспапты ұштастыра отыра, кез келген күйді күйшісіз орындайтын домбыра құрастырған. Ал Павлодар облысынан келген 7,8,9-сынып оқушылары ойлап тапқан әдіс күйсандықтың құлағында ойнап, музыка әлеміне бойлауға көмектеседі.
Нұралы Исабек, «Баянауыл» құрамасының мүшесі, жоба авторы:
Central Asia FIRST Championship-те осы жобалардан бөлек робот жарысы өтеді. Санат-санат бойынша іріктелген командалар роботты өздері 3 өлшемді принтерде құрастырып, арнайы бағдарламаға бағындырған. Өзара мықтылар алдағы үш күнде анықталады дейді ұйымдастырушылар.
Асылбек Мырзахметов, ұйымдастырушы:
Айтқандай, 2000 қатысушыдан бөлек мұнда еліміздің түкпір-түкпірі мен шетелдерден сайысты тамашалауға 1000 мейман келген. Өздеріңіз көріп отырғандай, адам қарасы көп. Чемпионат ақпанның 25-не дейін жалғасады.
Қаракөз Тұрмағанбет