Ақтауда жарылыстан 5 адам зардап шекті
Ақтауда тұрғын үйдің жертөлесінде газ жарылып, 5 адам зардап шекті. Оның үшеуі бала. Бір адамның жағдайы ауыр. Осы оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Таңда болған жарылыс шағын ауданды дүр сілкіндірді. Ұйқыда жатқан балалар, көрші-көлем бәрі шошып қалған. Жарылыстың қатты болғаны сонша, жертөледегі басқа да бөлмелер, бірінші қабаттағы пәтерлердің терезелері, іргелес тұрған тас қоршау қирады. Бірнеше көлікке зақым келген. Жарылыс өртке ұласып, оны оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер ауыздықтады.
Төребек Сайлауұлы, қала тұрғыны:
Қатты дауыс шықты. Бірінші терезеден қарағанда қоршаудың құлағанын байқадым. Одан кейін үсті өртенген жертөледен бір адам шығып келе жатты. Сыртқа жүгіріп шықтым, адамдар шығып жатыр екен. Дереу бірінші этаждан үш кішкентайды алып шықтым.
Жарылыс кәсіпкерлік нысанда болған. Тұрғындардың айтуынша, жуырда онда тұрмыстық техникаларды жөндеу орталығы жұмыс істей бастаған. Газ жарылысының салдарынан екі ересек пен 3 жеткіншек зардап шекті. Екі науқас ауруханада, қалғандары үйлеріне жіберілген.
Жанар Байманова, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:
Ересектердің ауруханасына жеткізілген пациенттердің арасында біреуінің жағдайы ауыр, реанимацияда. 50-60 пайыз күйік шалған және түтінді газбен улану диагнозымен. Екінші пациент балалар ауруханасында ол пациенттің жағдайы қанағаттанарлық, тұрақты. Педиатрия бөліміне жатқызылды.
Әзірге жарылысқа не себеп болғаны белгісіз. Полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16