Жарақат алғандардың барлығы облыс орталығына жеткізілді
12 адамның өмірін жалмаған жол апатында жарақат алғандардың барлығы Ақтөбе қаласына жеткізілді. Олардың бесеуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Тағы бірі комада.
Жол апаты өткен аптада Әйтеке би ауданының аумағында болған еді. Жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, Жүргенов ауылынан келе жатқан шағын автобусқа соққан. 10 жолаушы мен 2 жүргізуші сол жерде қаза тапты. Алты адам Хромтау қаласына жеткізілді. Жол апатынан кейін Үкіметтік комиссия құрылды. Зардап шеккендердің бірі – бала. Оларға телемедицина арқылы астаналық білікті дәрігерлер көмектесіп жатыр.
Әділет Жетібай, Дәрігер-травматолог:
Үш науқас көптік жарақат бөлімшесінде ем қабылдауда, жағдайлары орташа ауыр. Бір науқас жансақтау бөлімшесінде, жағдайы тұрақты ауыр, ем қабылдауда.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04