ЛГБТ насихатына заңмен тыйым салынбақ
Елде ЛГБТ насихатына заңмен тыйым салынбақ. Мәжілісте заң жобасы талқыланып жатыр. Құжатқа сәйкес, онлайн платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарында мұндай мазмұндағы ақпарат таратуға шектеу қойылады. Сонымен қатар фильмдер мен кітаптарда біржыныстылықты үгіттеу де заңсыз деп танылмақ. Қоғамдық орындарда ЛГБТ тақырыбындағы іс-шаралар өткізуге тыйым салу көзделген. Депутаттардың сөзінше, дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды мультфильмдер мен сериалдар арқылы қалыпты құбылыс ретінде көрсету жасөспірімдер арасында күйзеліс пен суицид қаупін арттырады.
Аманжол Әлтай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бесікте тербеліп жатқан балаларымызды әркімнің тәлкегіне салып, әртүрлі теріс әрекеттердің жетегіне кетіп қалуға мүмкіндік бермеуіміз керек. Бүгінгі қоғамда «әй, дейтін әже жоқ, қой дейтін қожа жоқ». Олардың тайраңдауына ешқандай мүмкіндік бермеуіміз керек.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28%-ға артты
20.07.2026, 14:57
Жезқазғанда «Metallurg Fest» фестивалі өтті
19.07.2026, 21:00
Теміртауда Металлург күніне арналған концертке 65 мың адам жиналды
19.07.2026, 20:30
Баянауылда заманауи «Сарыарқа сыры» визит-орталығы ашылды
19.07.2026, 18:15
«Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды
18.07.2026, 20:10
ӘЧ: Бүгін түнде Франция мен Англия командалары ойнайды
18.07.2026, 20:07
4 теміржол вокзалы қайта ашылды
18.07.2026, 20:07
Металлургтер жарты жылда 258 миллиард теңгенің өнімін өндірді
18.07.2026, 20:06