Көгілдір отын тапшы
Жанармай құю бекеттерінде көгілдір отын тек талонмен беріліп жатыр. Облыс тұрғындары орта есеппен айына 6 мың тонна газ тұтынады. Қазан айында жалпы көлемнің 70 пайызы ғана жеткізілген.
Самат Шәймерденов, Бескөл ауылының тұрғыны:
Мына көліктің объемы – 2,7. Газ мүлде жоқ. Бензинмен жүрміз. Енді не істейміз? Жанармай бекетінің басында тұрмыз ғой. Талонды қайдан аламыз десек «талон жоқ» дейді.
Өңірде газ тасымалымен айналысатын 19 мекеме бар. Тұрғындардың айтуынша, талон табу мүмкін емес. Жақын күндері облысқа газдың кезекті партиясы жеткізіледі, жағдай біршама тұрақталуы тиіс, дейді мамандар.
Қуандық Шоқыбаев, ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:
Өңірде орақ науқаны жүріп жатыр. Газдың басым бөлігін элаваторлар сатып алады. Жиналған астықты кептіру қажет. Қазан айында қосымша 2,5 мың тонна газ сұраттық. Ол бөлінген жоқ. Өйткені Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылды.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14
Телемедицина жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр
21.07.2026, 20:11